Елімізде 800 мыңнан астам жылжымайтын мүлік қайтыс болғандар мен көшіп кеткендердің меншігінде

Елімізде 800 мыңнан астам жылжымайтын мүлік қайтыс болғандар мен көшіп кеткендердің меншігінде

Елімізде 800 мыңнан астам жылжымайтын мүлік қайтыс болғандар мен көшіп кеткендердің меншігінде
ашық дереккөзі

Қазақстанда 800 мыңнан астам жылжымайтын мүлік қайтыс болған және көшіп кеткен азаматтардың атында жазулы тұр. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов мәлімдеді. 

Енді ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігі жергілікті атқарушы органмен бірігіп, нысандарды иесіз деп тану мәселесін шешуі керек деді. Оның сөзінше ведомства салық және кедендік процессті әкімшілендіруді тиімді жүргізу үшін кешенді шараны қолға алған. Жыл басынан бері техникалық топ 25 миллионнан астам мәліметті өңдеп, 4 миллионға жуық қате ақпаратты жойды. Көп жағдайда жер учаскелеріне меншік құқығынсыз актілер шығару деректері байқалды. Енді жергілікті атқарушы органдарға актілерді тексеру қажет. Жалпы, мүлікті инспекциялау жүйесінде 17 миллион ақпараттың 3 миллионға жуығы қалыпқа келтірілді.