29 Қараша, 10:09 269 0 Тұлға Анар ЛЕПЕСОВА

«Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы басталады

2020 жылы елімізде «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпыұлттық шара Қазақстан халқы Ассамблеясына ширек ғасыр толуына орай қолға алынады. Кеше экспедицияның туы мен күнделігі салтанатты түрде Алматы облысына тапсырылды.

Жоба Елбасының туған өлкесі – Шамалған жерінен бастау алады. Кейін Қарағанды облысы мен Украинаның бұрынғы Днепродержинск, қазіргі Каменское қаласына және Алматы қаласына бару жоспарланып отыр.

Ал одан кейін ел өңірлері мен бірқатар шет мемлекетке сапар ұйымдастырылады. Сол арқылы Елбасы туып-өсіп, қызмет еткен жерлер толық қамтылып, тәуелсіз мемлекетті құрудағы қажырлы еңбегі айшықталады. Қорытындысында экспедиция символдары мен жол жазбалары елордаға жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар