Жоғары білім сапасы жүйелі қадағалануы тиіс

Жоғары білім сапасы жүйелі қадағалануы тиіс

Жоғары білім сапасы  жүйелі қадағалануы тиіс
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қала және ауыл балаларының білім деңгейіндегі алшақтықтарды жоюды және тұрғылықты жері мен ата-аналарының әлеуметтік жағдайына қарамастан балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік беру сынды мәселелерді көтерген болатын. Расында да, материалдық-тех­ни­калық базасы жақсы дамыған қа­ла мектептері мен қарапайым ин­тернетке қосыла алмай отыр­ған ауыл мектептерінің білім беру са­пасы салыстыруға келмейді. Ауыл­­дық жерлердегі білікті кадр­лар­­дың тапшылығы да – өзек­ті мәселелердің бірі. Сон­дық­тан Мемлекет басшысы өз Жолдауын­да «Дипломмен ауылға» бағдар­ла­ма­сын қаржыландыруды 20 млрд тең­геге жеткізуді тапсырған болатын. Айта кетейік, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2019 жылдың соңына дейін 7 176 ма­манға 1,3 млрд теңге жәр­де­ма­қы беріледі. 2019 жылдың 7 айында 5 172 маманға 911,4 млн теңге со­масында жәрдемақы төленсе,    2 527 маманға тұрғын үй алу үшін 9,1 млрд теңге несие берілген. Ал жыл соңына дейін 3 908 маманға 14,8 млрд теңге көлемінде тұрғын үй алуға несие берілмек. Сонымен қатар Мемлекет бас­шы­сы жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыруға да баса назар аударғаны мәлім. Жолдауда айтылған тағы бір мәселе – сапасыз жоғары оқу орындарының кө­бейіп кетуі. Жоғары білімді са­па­лы ету үшін бәсекеге қабілеті тө­мен ЖОО-ларды жабу. Ал ондай оқу орындарын анықтаудың негізгі көрсеткіші – түлектерінің жұ­мыспен қамтылуы. Өкінішке қа­рай, бүгінде өз түлектерін жұ­мыс­қа орналастыруға қауқарлы оқу орындарының саны аз. Мұны Президент те қадап айтқаны белгілі. «Өз түлектерін жұмыспен қам­ту жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткі­зіп отыр. Сондықтан олардың санын қысқарту мәселесін қарау ке­рек. Терең білім берудің орнына дип­лом сатумен айналысқан уни­вер­ситеттеріміз бар екені де жасырын емес. Бірінші кезекте со­ларға тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз», – деді Мемлекет басшысы. Осы ретте еліміздің Білім жә­не ғылым министрлігі білім бағ­дарламалары мен оқыту деңгейі за­ман талабына сай келмейтін жо­ғары оқу орындарының лицензияларын өздігінен қайтарып алу­ды қолға алған болатын. «Бұл –­ біздің оқу орындарымыздың жо­ға­ры сапалы болуын қамтамасыз ету мәселесі. Жоғары сапалы жо­ғары оқу орындары жұмыс істеп, бі­лім беруі керек. Мемлекет басшысы айтқандай, жұмыспен қамту проблемалары бар универ­си­теттер, оның ішінде көрсе­ті­ле­тін білім беру қызметтерінің сапасын ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі кей жерде қа­таң шаралар қабылдауы керек. Ен­ді аудит жүргізіліп, оны орын­дамағандар үшін біз шешім қа­былдаймыз» деген болатын Білім және ғылым министрі Асхат Ай­ма­ғамбетов. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеде министрлікті қол­дады. Сондай-ақ бұл жұмыс бойын­ша заңнамалық деңгейде тиіс­ті нормативтік-құқықтық ба­за әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысы Жолдауда атал­ған мәселелердің түйінін тар­қату үшін ең алдымен мұға­лім­дер­дің әлеуметтік жағдайын ретке келтіру қажеттігіне тоқталған.  «Мұғалімдер мен оқытушы­лар­дың әлеуметтік жағдайын жақ­сартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды. Сондықтан мен Та­мыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің ең­бекақысын екі есе арттыруды тап­сырдым. Бұл – келесі жылдан бас­тап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының білім беру сапасын арттыру және педа­гог­тарды қолдау жөніндегі тап­сыр­масы аясында Білім және ғы­лым министрлігі жоғары оқу орын­дарының бюджеттеріне талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтің бар екені анық­талды. Сөйтіп, бірқатар жо­ғары оқу орны оқытушылардың жа­лақысын арттыру бойынша нақ­ты шараларды жүзеге асыруды қолға алды. Олардың қатарында Л.Гу­м­илев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті бар. Басқа да мемлекеттік ЖОО-ларға аталған шаралар шеңберінде тапсырмалар жүктелді.