Ұлттық музейде «Елбасы және мәдениет» көрмесі ашылды

Ұлттық музейде «Елбасы және мәдениет» көрмесі ашылды

Ұлттық музейде «Елбасы және мәдениет» көрмесі ашылды
ашық дереккөзі
 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жинағынан «Елбасы және мәдениет» көрмесі ашылды.   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған көрменің мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мәдениетті қайта жандандырудағы, көп ұлтты Қазақстан халқының негізгі рухани құндылықтарын әлемдік деңгейде ілгерілетудегі рөлін көрсету. Шараның ашылу салтанатына Игорь Рогов, Куаныш Сұлтанов, Дархан Мыңбай, Азат  Перуашев, т.б. қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев елдің тарихи-мәдени мұрасын жаңғыртуды, сақтауды және насихаттауды мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мәдениет» көрмесінде Елбасы кітапханасының мұрағаттық материалдар жинағы, әртүрлі жанрдағы 170-тен астам құжаттары ұсынылды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рақымжанов: «Құрметті, ағайындар! Тұңғыш Президент күні мерекесі баршаңыз үшін берекелі болсын! Біз сіздерді Елбасының зор еңбегіне арналған бүгінгі көрмеден ерекше әсер алады деп сенеміз. Бүгінде Қазақстан бойынша әр облыс, әр аудан, университет, мектептерде Тұңғыш Президент күніне арналған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішіндегі бүгінгі көрме маңызды шаралардың бірі болып табылады. Себебі Елбасының білім, денсаулық сақтау саласы, жан-жақты салалар бойынша жасаған еңбектерін өздеріңіз білесіздер. Ал мәдениет саласында жасаған еңбегін осы көрмеден көре аласыздар», -деді.  width= Мәдениет саласының тарихи даму кезеңдері Қазақстан Республикасының 2030 және 2050 жылдарға дейінгі Даму Стратегиясында, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы алдағы онжылдықтағы күн тәртібін анықтады. ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында ашылған көрмеге қош келдіңіздер! Елбасына арналған үлкен көрме ашу Ұлттық музей үшін үлкен мәртебе. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасына Ұлттық музейде құнды экспонаттар жинақталған мазмұнды көрме ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін. Бұл көрме Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің мәдениеті саласында атқарған ерен еңбегіне арналған. Тұңғыш Президентіміз төл тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, қасиетті өңірлерімізді қалпына келтіру, ерекше мәдениетіміз, әдебиетіміз, тіліміз бен дініміз, білім жолы, т.б. салалар бойынша көптеген жұмыстар атқарғаны баршаңызға белгілі. Бүгінгі көрмеден Елбасының маңызды қадамдары мен мазмұны терең  естеліктерін тамашалай аласыздар», - деді. Елбасының мәдениет саласындағы мұрасын мына формуламен көрсетуге болады: мәдениеттің қайта жандануы, ренессансы – ұлттың мәдени кодын қалыптастыру – руханилықтың негіздерін жаңарту. Атап айтқанда, көрме материалдарында мынадай тақырыптық бағыттар: тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет саласындағы мемлекеттің саясаты тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді қорғау, музейлер, театрлар, архивтер, кітапханалар, сәулет өнері, кино өнері, әдебиет, Қазақстан Республикасының бейнелеу және қолданбалы өнері ұсынылды. Көрме 2020 жылғы 5 қаңтарға дейін жалғасады.