Ауылды көркейту  қағаз жүзінде қалмасын...

Ауылды көркейту  қағаз жүзінде қалмасын...

Ауылды көркейту  қағаз жүзінде қалмасын...
ашық дереккөзі
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» бағ­дарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамытуды мақсат еткен жобаны жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдары бюджеттен 90 млрд теңге бөлу жоспарланған. Ал 2019 жылға 30 млрд теңге қарастырылып отыр. Үкімет отырысында жобаның іске асырылуы туралы баяндаған Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр қазіргі уақытта 6 443 ауылда 7,7 млн адамның тұратынын мәлімдеді. Бұл халықтың 42 пайызын құрайды. «Бүгінгі күні ауылдық жерлерде бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Ауылдың жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет. Инженерлік желілер тозуының жоғары деңгейі байқалады. Көптеген ауылдарда, білім беру және денсаулық сақтау объектілері жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты ауылды дамыту үшін кешенді тәсіл қолдануды ұсынамыз», – деді Роман Скляр. Вице-премьердің мәліметінше, бүгінде даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеліп алынған. Атал­ған ауылдарда 6,6 млн адам (ауыл халқының 85 пайызы) тұрады. Сондықтан бұл елдімекендерді дамыту алдыңғы кезектегі мәселе. Сондай-ақ биыл шамамен 700 мың тұрғыны бар 53 ауылда 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жобаларды жүзеге асыру үшін 30 млрд теңге қарастырылған. Бұлар – әлеуметтік (мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары) және инженерлік инфрақұрылымдарды (жолдар, су, электр, жылумен қамтамасыз ету) жөндеу және қайта жаңарту жөніндегі жобалар. «Бұл жұмыстың бастамасы ғана. Басталған жұмыстарды біз 2020 жылы жалғастырамыз. Елі­міздің барлық өңірлерінде ауыл инфрақұрылымын кең ауқымды жаңғырту басталады. Көзделген 30 млрд теңгеге 2020  жылы қосымша 50 млрд теңге бөлінетін болады», – деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары. Орынбасарының есебін мұқият тыңдаған Үкімет басшысы Асқар Мамин тақырыпты қорытындылау барысында бірқатар нақты тапсырма берді. Ең алдымен, «Ауыл – ел бесігі» жобасын қаржыландыруды ұлғайту туралы ұсы­ныстар енгізуді міндеттеді.