Қарағандылық 1200 азаматқа ел аумағынан шығуға тыйым салынды

Қарағандылық 1200 азаматқа ел аумағынан шығуға тыйым салынды

Қарағандылық 1200 азаматқа ел аумағынан шығуға тыйым салынды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының 1200 тұрғынына ел аумағынан шығуға тыйым салынды. Олардың барлығы борышкерлер. Мамандардың айтуынша, бүгінде аймақта алимент, салық, айыппұл, банк қарыздарын төлеуден жалтарып жүргендердің жалпы саны 250 мыңға жеткен. Өңір тұрғындарының тек салық берешегінің өзі 1 миллиард 170 миллион теңгеден асады. Өкінішке қарай, олардың ісі әлі күнге аймақтық сот орындаушылар палатасында жатыр. Сот шешімінің дер кезінде орындалмауына ең әуелі мамандар тапшылығы себеп, - дейді палата өкілдері. Мәселен, Ұлытау, Қарқаралы, Ақтоғай аудандары мен Приозерск қаласында қазір сот орындаушылары мүлдем жоқ. Оның үстіне, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың мәртебесі тең емес. Соңғысының әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыруға құқы жоқ. Оны мемлекеттік сот орындаушыларға жібереді. Ал палатадағы санаулы адам қаптаған істі қарап үлгермейді. Осыдан соң борышкерлер саны өсіп, қарыз өндіру ісі ақсап тұр. Бүгінге дейін сот шешімін орындамаған борышкерлердің тек 27 проценті жауапқа тартылған. Сондықтан депутаттар ең алдымен заңға өзгеріс енгізу қажет деп отыр. Өйткені Ұлт жоспарындағы «100 нақты қадамда» дәл осы сот орындаушылар жұмысын жетілдіру мәселесі айтылған.