1 Қараша, 18:35 419 0 Экономика Анар ЛЕПЕСОВА

Алматыдағы трамвай депосын жөндеуге инвестор іздестірілуде

Алматы әкімдігі трамвай депосын қайта жөндеу жұмыстарын 2021 жылы аяқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Depo Evolution ғимараттарын қайта жөндеуді 2021 жылы аяқтаймыз. Бұл мақсатқа 2 млрд теңге қарастырылуы тиіс. Бұл жұмыстарды әкім тоқтатып қойды. Енді бұл ғимаратты қайта жөндеуге және ары қарай пайдалануға инвестор іздеп жатырмыз. Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Ғимарат әзірге 5 ақ пайызға дайын», - деді Алматыдағы қоғамдық кеңес отырысында қалалық Ыңғайлы орта басқармасының басшысы Қуандық Айтмағамбетов.

Жоспар бойынша бұл нысанда жасампаз жастардың орталығын ашу көзделген.

 

 

Соңғы жаңалықтар