«Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» атты фотокөрме ашылды

«Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» атты фотокөрме ашылды

«Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» атты фотокөрме ашылды
ашық дереккөзі
Елордағы ҚР Ұлттық музейінде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен «Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Шараның ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық музей директоры – Арыстанбек Мұхаммедиұлы, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі – Уильям Мозер, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, «National Geographic Qazaqstan» ғылыми кеңесшісі Әділ Ахметов пен журнал бас редакторы Еркін Жақыпұлымен бірге түрлі ұйым, қор мен компаниялардың өкілдері қатысты.  width= «Екі елдің арасы географиялық тұрғыда қашық болғанымен, осы ұқсастықтар біздерді одан әрі жақындастырып, серіктестігіміз нығайта түсері сөзсіз. Мәселен америкалықтар мен қазақтар арасындағы ежелгі атбегілік дәстүрдің өзі көп нәрсені аңғартып тұрғандай, – деді көрменің ашылу барысында сөз алған Уильям Мозер. – Гранд-Каньон мен Шарын шатқалы, Ескерткіштер жазығы мен Үстір ойпаты, сондай-ақ тума америкалықтардың қазақтар секілді киіз басу, сырмақ тоқу секілді ұқсастықтар екі елдің бір біріне біз ойлағаннан да жақын екенін көрсетеді». Аты айтып тұрғандай көрменің негізгі мақсаты – АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық, географиялық, тарихи һәм мәдени ұқсастықты қалың көпшілікке таныстыра отырып, қос елдің айнымас серіктес, бірлігі бекем әріптес екенін жеткізу.  width= «Қай тілде жарық көрмесін «National Geographic» журналы оқырмандарын өзіне бірден баурап алатындығымен ерекшеленеді. Оның басты сыры бұл басылымның кез келген мәселеде тек ғылым көзімен қарайтындығында болса керек. Бүгінгі шараның өтуі соған дәлел», – деді  Әділ Ахметов. Уильям Мозер мен Еркін Жақыпұлы көрме лентасын ресми түрде қиғаннан кейін, қос ел фотографтарының Америка мен Қазақстанды байланыстырып тұрған фотосуреттер жиынтығы  халық назарына ұсынылды. «Жалғыздың үні шықпас және бір нәрсені істеу үшін, идеяны қолдайтын және оны жүзеге асыруға көмектесетін адамдар керек. Менің жолым болды, сондай адамдар менің жанымнан табылды, мен ата-анам үшін, менің және жобаларымыздың дамуына септігін тигізетін достарым және әріптестеріме ризамын, – деді «National Geographic Qazaqstan» журналының бас рекдакторы Еркін Жақыпов. – Бүгінгі көрме біздің командамыздың басқа басқа екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан сайын нығайтуға да әсер ете алатынын көрсетті».  width= Қазан айының соңында фотокөрме елордамыз Нұр-сұлтан мен оңтүстік астанамыз Алматыдағы  «MegaSilkWay» және «Mega-Almaty» сауда-ойын-сауық орталықтарында көшіріледі. Сондай-ақ, бұл көрмені желтоқсан айында Шымкент пен Петропавл қалаларында да өткізу көзделіп отыр. Ұйымастырушы - «National Geographic Qazaqstan» журналы мен «Qazaq Geography» РҚБ