Өскелең буын киелі түліктің қасиетіне қанықты

Өскелең буын киелі түліктің қасиетіне қанықты

Өскелең буын киелі түліктің қасиетіне қанықты
ашық дереккөзі
Қазақ халқы қасиетті жылқы төлінің ерекше болмысын ежелден айрықша мойындап, күнкөріс көзі мен тұрмыс-тіршілігінің ажырамас бір бөлігі санаған. Киелі жануардың көшпелі өркениеттің тамаша үлгісіне айналуы, ол туралы ұлттық танымның қазіргі ұрпақ санасына мықтап қордаланып, келешек ұрпаққа жету үшін қажырлы күш пен үлкен еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан болашақ еліміздің ұландарынан нағыз қазақ батырының рухын тәрбиелеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының бірлескен оқу ордаларының атсалысуымен (№65 мектеп-гимназиясы, №34 мектеп, №10 мектеп-гимназиясы, №54 мектеп-лицейі, №80 мектеп-гимназиясы) тағылымды шара өтті.  Атаулы іс-шараның негізгі мақсаты: еліміздің ұлттық мәдени дәстүрлерін насихаттай отырып, жылқы тұқымының қазақ сахарасындағы елеулі орнын таныту, тарихи танымдарға деген қызығушылығын жан-жақты дамыту. Қайырлы бастамада қазіргі жастарға қызықты тақырыпта «Атқа міну мәдениеті» бойынша көрмелер ұйымдастырылды. Көрмеде жылқы төлін мініс пен шаруашылыққа пайдалану мақсатында қажетті құрал-жабдықтары: ат-әбзелдеріне ер-тоқым, өмілдірік, құйысқан, үзеңгі, жүген, көпшік, шылбыр, қамшы т.с.с таныстырылды. Әр мектептен келген қала оқушылары төрт түліктің төресі жөнінде барынша пайдалы ақпараттармен қанықты. Кейінірек «Салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырың, дәстүрің – дәулетің!» атты жобасын мектеп директоры Елекеева Нургүл Жақсыбекқызы өз құттықтау сөзімен салтанатты түрде шымылдығын ашты. Сөз кезегі кештің арнайы қонақтары ақын, жазушы Болат Төлепберген мырзаға берілді. Қоғам белсендісі залда отырған жас өрендерге жануарға қатысты қазақ ұғымдарының, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінің мол екендігін айтып, өзінің жылқы жануары жайлы жазылған кітабын оқуға кеңес берді. Тағы бір қадірлі қонақ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Нурпеисов Үкібай Абдуманапұлына сөз ұсынылды. Сонымен қатар, жылқы жануарына байланысты қызықты деректерді қамтитын «Сен білесің бе?» айдарында Kahoot! ойынының көмегімен қонақтарға тест тапсырмалары берілді. Көрермендер аса қызығушылықпен белсенділік танытып, ұйымдастырушы мектеп оқушылары ойынға қызыға ат салысып, аяғында жеңімпаз мектептер анықталды. Сонымен қатар «Атқа міну» практикалық сабағы «Қазанат» ат клубы мамандарының қолдауымен, қонақтар арасында атқа мінуді қалаушылардың тілектерін орындап, мамандар өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Практикалық сабақтың соңында №54 мектеп-лицейі, №65 мектеп-гимназиясымен «Qazanat» ат клубы арасында мемарандумға қол қою рәсімі өтікізілді. Қала мектебінің оқушылары «Теңге алу, «Аударыспақ», «Шалма тастау», «Жамбы ату», «Топ бәйге», «Асау мәстек», «Тымақ ұру» ұлттық ойындары бойынша өзара байрақты бәсекеге түсіп, ақыры топ жарып, оза шапқандар арасында № 54 мектеп-лицей оқушылары лайықты деп танылды. Сайыс соңында жеңімпаз оқушылар марапатталды. Семинардың жабылу салтанаты мектебіміздің қазақ тілі бірлестігіннің ұйымдастыруымен «Ашамайға мінгізу салты» қойылымымен тәмамдалды. Дүбірлі іс-шара жоғары деңгейде атап өтілді.