10 жыл дайындалған: Луврда Леонардо да Винчи суреттерінің көрмесі ашылды

10 жыл дайындалған: Луврда Леонардо да Винчи суреттерінің көрмесі ашылды

10 жыл дайындалған: Луврда Леонардо да Винчи суреттерінің көрмесі ашылды
ашық дереккөзі
Кеше Париждегі Лувр музейінде Леонардо да Винчи суреттерінің көрмесі ашылды. Оған он жыл бойы дайындалған. Бұл шара суретші дүниеден өткенінің 500 жылдығына арналған. Көрме төрт ай бойы ашық тұрады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Көрмеге да Винчидің 160-тан астам еңбегі қойылған. Олардың бірқатары Луврға уақытша берілген. Виртуалды технологияның жәрдемімен суретші еңбектеріндегі көзге көрінбейтін детальдарды көруге мүмкіндік болады. Леонардо да Винчи 1452 жылы Тосканада туған. Ол суретші, мүсінші, сәулетші, математик, ойлап табушы және ғалым болды. Былтыр Луврда көрме өткізу-өткізбеу үлкен мәселе болған. Италияның "Лига" оңшылдар партиясы Францияға суретшінің бірнеше еңбегін беруге қарсы болған. Italia Nostra ассоциациясы да Винчидің белгілі “Витрувиалық адам" еңбегін Венециядағы галереядан алып шығуға тыйым салуға әрекет жасаған. Ассоциация бұл еңбек әрдайым бір жерде ғана тұру керектігін, жолда алып жүру зиян екенін білдірген. Бірақ өткен аптада Италия соты суретті Париждегі көрмеге қоюға рұқсат берді.