16 Қазан, 11:35 307 0 Руханият Анар ЛЕПЕСОВА

Орталық музейде "Дала үні" мемориалдық көрмесі ашылады

Ертең, 17 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстанның атақты суретшісі, мүсінші Бақытжан Әбішевтің «Дала үні» атты мемориалдық көрмесі ашылады.

Бақытжан Әбішев Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол Н.ВГоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінСуриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. Еңбек жолын алғашында бітірген училищесінде, кейін Т. Жүргенов атындағы Алматы көркемсурет институтында оқытушы болып бастады.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі мүсінші Бақытжан Әбішевтің шығармашылығы мәдени қоғам мен көрермендердің көпшілігіне жақсы таныс. Қазақ халқы тарихын, оның көрнекті қайраткерлерінің тақырыбы мүсіншіге аса жақын болды. Ол тарихи тұлғалар мен ұлттық батырлардың бейнелерін қалпына келтіруге үлкен үлес қосты.

Б. Әбішевтің орнықты мүсіндік тақырыптары мен сюжеттері қазақ тарихы мен халық өмірі және салт-дәстүрлерімен тығыз байланысты. Автор өз шығармаларын жасаудағы әртүрлі композициялық және көркем пластикалық мәнерлі құралдар мен әдістерді пайдаланған («Анасының портреті» жылулыққа және шынайы махаббатқа толы, «Күйші» кеңдігі мен пластикалық қуаты, «Ұран» халқының ерлігіне құмарлықпен шақыру, «Құлагер» мейірімділігінің және зұлымдықтың өшпес қарсы тұру идеясы, «Ұмай», «Томирис», «Беташар», «Бүркітші», «Батыр» қазақ батырларының күші мен ептілігі).

Б.Әбішев 1970 жылдан бастап студенттік, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы, сондай-ақ көптеген байқаулардың лауреаты, көрнекті монументалдық жұмыстардың авторы. Бақытжан Әбішев – қазақ халқының батырларына арнап қойылған көптеген ғажайып ескерткіштердің авторы. Алматы қаласында Жамбыл және Тоқаш Бокинге, Жаңа-Қорғанда Ұлы Отан соғысы құрбандарына, Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұловаға, Бұхар Жырау, М. Көпеев, Баянауылда С.Торайғыровқа, Қарағанды қаласында жазушы С. Сейфуллинге қойылған ескерткіштер, сонымен қатар Алматы қаласындағы Әль-Фараби, Махамбет, Күләш Байсейтова, жазушы А. Шарипов, Нұр-Сұлтан қаласында Ата Түрік, Жаяу Мұса тұрпаттырының авторы. Станок жанрының шеберінің көптеген жұмыстары қазақстандық және шетелдік музейлерде «Олимпиадашы» атты өзгеше еңбегі Швейцарияның Лозанна қаласындағы Олимпиадалық комитеттің штаб – пәтерінде тұрған, Германияның жеке коллекциясындағы «Күйші», Мәскеу қаласындағы «Томирис». Әсіресе 1836-1837 жылдардағы көтеріліс басшылары Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Таймановтың монументальдық комплексіне сіңірген еңбегі өлшеусіз.

Бақытжан Әбішевтің соңғы жылдары жасаған ірі туындысы – 2003 жылы Атырау қаласында ЮНЕСКО шеңберінде аталып өткен Махамбеттің 200 жылдығына арналған «Исатай мен Махамбет» монументалды кешені.

Б. Әбішев – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Ленин комсомолы сыйлығының және халықаралық сыйлықтың лауреаты. Оған Қазақстанның мәдениеті мен бейнелеу өнерін дамыту ісіне қосқан зор үлесі үшін "ҚР Мемлекеттік сыйлығы", "ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығы" берілген.

Мүсіншінің шығармалары тас пен қола дәуірінің ой-сезімін шығармашылық жасампаздықтың ұлы екпінінде біріктіре отырып, мәңгілікке шақырады. Тамаша шебердің қолымен жасалған монументалды жұмыстар біздің еліміз үшін маңызды ескерткіштер және ұлттық тарихи-көркем мұраның бір бөлігі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар