11 Қазан, 14:44 320 0 Қоғам Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстандықтар көбіне қай елге ақша аударатыны белгілі болды

Биылғы қаңтар мен тамыз аралағында Қазақстаннан шет елдерге 408 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,4  пайызға көп. Ал шет мемлекеттерден Қазақстанға 232 миллиард теңге келген. Өсім 5,4 пайыз. 

Енді қазақстандықтар көбіне қай мемлекетке қаржы жөнелткеніне тоқталайық.

Бірінші орында Ресей. Бұл мемлекетке елімізден 134 миллард теңге аударылған. Одан кейін Өзбекстан, үштікті Түркия түйіндейді. Қырғызстан мен Қытай бестікке енеді.

Ал Қазақстанға қаржы аударатын елдердің көш басында тағы Ресей тұр. Екінші орында Оңтүстік Корея. Қаңтар мен тамыз аралығында бұл мемлекеттен Қазақстанға 38 миллиардтан астам қаржы жөнелтілген.

Соңғы жаңалықтар