Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы өз иегерлерін тапты

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы өз иегерлерін тапты

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы өз иегерлерін тапты
ашық дереккөзі
Швед академиясы әдебиет саласы бойынша 2018 және 2019 жылдардағы Нобель лауреаттарының есімдерін жариялады. 2018 жылғы Нобель сыйлығын Польша ақыны Ольга Токарчук алды. Ал биылғы сыйлық австриялық жазушы Петер Хандкеге бұйырды. Австрия қаламгері «Адамзат тіршілігінің перифериясы мен қыр-сырын лингвистикалық көрегендікпен зерттеген ауқымды еңбегі» үшін жоғарғы марапатқа ие болып отыр. Жалпы соңғы рет әдебиет бойынша Нобель сыйлығын 2017 жылы тегі жапон британ жазушысы Кадзуо Исигуро алған еді. Былтыр Швеция академиясы төңірегінде дау-дамай туындауына байланысты Нобель сыйлығы берілмеген болатын. Айта кетейік, марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді.