Қазақстан құрамасы келер жылы Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігінен қағылды

Қазақстан құрамасы келер жылы Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігінен қағылды

Қазақстан құрамасы келер жылы Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігінен қағылды
ашық дереккөзі
Кеше  өз алаңында Кипр футболшыларынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігінен толықтай айырылды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.  І тобындағы командалардың реті жетінші турдан кейін былай: Бельгияда 21 ұпай, Ресейде 18, Кипрде 10, Қазақстанда 7, Шотландияда 6 ұпай, ал Сан-Маринода ұпай жоқ. Ереже бойынша, әр топтан жоғарғы орындарды алған екі команда құрлық чемпионатының финалдық кезеңіне барады. Қазақстан қазірдің өзінде екінші орындағы Ресейден 11 ұпай артта. Іріктеу кезеңінің қалған үш матчында Қазақстан ең көбі 9 ұпай жинауы мүмкін. Іріктеу кезеңінің аяғына дейін Қазақстан Бельгиямен (13 қазан), Сан-Мариномен (16 қараша) және Шотландиямен (19 қараша) ойнайды.