Қазақстан мен Ресей хоккейшілерінің ойыны жаппай төбелеске ұласты (видео)

Қазақстан мен Ресей хоккейшілерінің ойыны жаппай төбелеске ұласты (видео)

Қазақстан мен Ресей хоккейшілерінің ойыны жаппай төбелеске ұласты (видео)
ашық дереккөзі

Өскемендік "Алтай" ХК мен Новосібірдің "Сибирский снайпер" командалары арасындағы Жастар хоккей лигасының (ЖХЛ) матчында жаппай төбелес болды. Қазақстандық және ресейлік хоккейшілердің қақтығысы таспаланған видео YouTube желісінде пайда болды.

Кикілжің матч аяқталар сәт жақындағанда, "Алтайдың"  2:1 есебімен алда келе жатқан уақытында қазақстандық Никита Волосенков пен ресейлік Никита Ефремовтың қақтығысынан басталды.

Төрешілер тәртіп бұзушыларға жаза тағайындап жатқанша, төбелеске қалған хоккейшілер қосылды.

Матчтың комментаторы болған жайтты "мұз айдыны төбелесі" деп атады

Нәтижесінде, "Алтай" ойыншылары 134 минут айыппұл алып, алаң иелеріне 124 минутқа айыппұл салынды.

Айта кетейік, бүгін, 9 қазанда командалар қайта кездеседі.