Министр үш айдан кейін елімізде зейнетақы өсетінін мәлімдеді

Министр үш айдан кейін елімізде зейнетақы өсетінін мәлімдеді

Министр үш айдан кейін елімізде зейнетақы өсетінін мәлімдеді
ашық дереккөзі
2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап еліміздегі барлық зейнеткерлердің зейнетақысы өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.  Министрдің айтуынша, бүгінде республика бойынша орташа зейнетақының көлемі 86 мың теңгені құрап отыр. Ал ең жоғары мөлшері 117 мың теңгеге дейін жетеді.

"Өткен жылдың ортасында базалық зейнетақы әжептәуір өсті. Бүгінде ең төменгі зейнетақының мөлшері - 35 мың теңге. Базалық зейнетақымен бірге 54 мың теңге болып отыр. Бүгінде зейнетақы төлеу жағынан проблема жоқ. Төлемдер уақытында беріледі", - деді Нұрымбетов журналистерге берген сұхабатында.

Оның сөзіне қарағанда, зейнетақының мөлшері жыл сайын инфляциядан 2 процентке көтеріліп отырады. "2020 жылы қаңтар айынан бастап біздің барлық зейнеткеріміз үшін зейнетақы төлемдері міндеті түрде өсетін болады. Төлемнің мөлшері инфляцияның орташа деңгейіне қарай есептеледі", - деп атап көрсетті Нұрымбетов. Айта кетейік, бүгін Халықаралық қарттар күні аясында министр Нұрымбетов 100 жасқа жеткен соғыс ардагері Александр Петровичтің үйінде болып, мерекемен құттықтады. "Біз қашанда үлкенді сыйлай білген халықпыз ғой. Негізі, адамның үлкенге деген құрметі - тәрбиенің бір көрсеткіші. Сондықтан бүгін ардагерлер мен үлкен кісілердің алдында бас иемін. Олар – біздің "алтын қорымыз". Әсіресе, жастар үшін осы кісілердің өмірлік тәжірибесі, білімі мен патриоттық сезімі үлгі-өнеге", - дейді Нұрымбетов. Қазақстанда 2 миллион 190 мың зейнеткер бар. Олардың ішінде соғыс ардагерлерінің қатары жыл сайын сиреп келеді. Қазіргі кезде республика бойынша 1270 соғыс ардагері тұрады. Бұдан бөлек, 22 мың адам осы санатқа теңестірілген.