Сатаев "Томиристі" кімге арнаған?

Сатаев "Томиристі" кімге арнаған?

Сатаев "Томиристі" кімге арнаған?
ашық дереккөзі

Өткен аптадан бастап прокатқа шыққан «Томирис» фильмі көрермен қауымның жоғары бағасын алуда. Тарихи фильмді таспалаған режиссер Ақан Сатаев бұл туындысын кімге арнағаны белгілі болды. Режиссердің қызы Мәриям Сатайдың айтуынша, әкесі «Томиристі» шетінеп кеткен тұңғыш қызының арнап түсірген. 

«Есімі Сақ патшасының құрметіне қойылған үлкен әпкем Томирис көзі тірі болса, 24 жасқа толатын еді. Әкем мен анам оны Томико деп атапты. Мен онымен таныс болмасам да, әлі күнге дейін жоқтаймын. Бала күнімде ол қандай болды, кімге көбірек ұқсайтын еді, қасымда болған кезде қалай болар еді деп жиі ойланатынмын», - деді Мәриям Сатай. Әрі қарай ол үйдің үлкені болу өзіне оңайға соқпағанын айтты. Тіпті, бұл үшін ренжіген кездері де болған екен. «Неге отбасындағы тұңғыш қызбын, әпкемін деп ашуланатынмын. Әпкем болғанда жақсырақ болатындай көрінетін. Ол бұл өмірдің дәмін татпастан бақилық болды. Әйтеуір, бірде Томирис екеуіміздің қосылатынымызға сенемін. Барлығы Жаратқанның қолында. «Томирис» фильмін әкем өзінің тұңғыш қызына арнады», - деп аяқтады сөзін бойжеткен.