Салық төлеуден жалтарып жүрген 100 қазақстандықтың тізімі жарияланды

Салық төлеуден жалтарып жүрген 100 қазақстандықтың тізімі жарияланды

Салық төлеуден жалтарып жүрген 100 қазақстандықтың тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық борышы ең көп 100 жеке тұлғаның тізімін жариялады. Бұл азаматтардың мемлекет алдындағы жалпы борышы 286 019 395 теңгені құрап отыр. Оның 175 354 401 теңгесі – негізгі борыш сомасы, ал қалған 110 664 995 теңге – өсімпұл . Салық бойынша ең көп берешегі бар азамат Қарағанды облысында тұрады. Асқар Нәбиевтің жер салығы бойынша (БСК 104302) негізгі борыш сомасы 37 163 849 теңге, есептелген өсімпұлы - 28 192 533 теңге. Жалпы қарызы 65 356 383 теңгені құрап отыр. Елде салығы бойынша өсімпұл сомасы негізгі борыш сомасынан асып кеткен азаматтар да бар. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Талғатбек Ильясовтың жер салығы бойынша жалпы берешек сомасы 19 050 875 теңге, оның ішінде негізгі борышы - 8 685 027 теңге, өсімпұлы - 10 365 848 теңге. Көлік салығы (БСК 104402) бойынша борышкерлер тізімін тағы да Қарағанды облысы бастап отыр. Фадис Мустакимов бұл салық түрі бойынша жалпы 6 081 323 теңге қарыз жинаған. Оның төлеуі тиіс негізгі сомасы - 4 059 318 теңге, есептелген өсімпұлы - 2 022 005 теңге. Кейбір қазақстандықтар мүлік салығы (БСК 104102) бойынша да қарыз жинап үлгерген. Мысалы, Жамбыл облысының тұрғыны Ерлан Токсанбаевтың жалпы берешек сомасы 576 191 теңге, оның ішінде негізгі борыш сомасы - 335 811 теңге, өсімпұл - 240 380 теңге. Айта кетейік, мемлекеттік кірістер органдары салық бойынша берешегі бар азаматтар тізімін жариялау үрдісін алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда салықтық рақымшылық жүруде: ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) негізгі борыш сомасын төлеген азаматтардың өсімпұлы есептен шығарылатын болады.