Еліміздің бірқатар аймақтарында қар жауып, аяз болады

Еліміздің бірқатар аймақтарында қар жауып, аяз болады

Еліміздің бірқатар аймақтарында қар жауып, аяз болады
ашық дереккөзі

Қазақстанның солтүстігіндегі жаңбыр мен  қар жауады. Солтүстік Қазақстан облысында аяз, жауын-шашын мен қатты желге байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі. 

Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда қар жауады деп болжайды. 25-26 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, соңы сулы қарға айналады . Сонымен қатар, 1-3 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. 25 қыркүйек күндіз қатты жел тұрады, түнде күшейіп, бағытын өзгертеді. Жел 25 м / с жылдамдыққа жетуі мүмкін. 26 қыркүйекте күшті жел жалғасады. 25-26 қыркүйекке қараған түні Петропавлда аяз болып, қатты жел соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайызды құрайды.