Ақ халаттылар Арыста жараланған сапёрлердің жағдайы туралы айтты

Ақ халаттылар Арыста жараланған сапёрлердің жағдайы туралы айтты

Ақ халаттылар Арыста жараланған сапёрлердің жағдайы туралы айтты
ашық дереккөзі
Арыста жарылыстан зардап шеккен сапёрлер Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырылды. Бұл туралы хирургиялық жұмыс бойынша әскери медициналық мекемінің басшысы, медициналық қызметтің полковнигі Омаров Ғалымжан мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олардың барлығы әскери госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырылды. Оқиғадан кейін әскери қызметшілер әскери авиацианың медициналық мекемесіне жедел түрде жеткізілді. Ол өз кезегінде уақтылы қажетті медициналық көмекті көрсетуге, сондай-ақ тез арада оңалуға жағдай жасады. Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дəрі фрагменті өздігінен жарылған болатын. Нәтижесінде келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарықшақтан жараланған болатын.