Ғалымның хаты өлмейді

Ғалымның хаты өлмейді

Ғалымның хаты өлмейді
ашық дереккөзі
Белгілі ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы ұйымдастырушыларының бірі Беркімбай Пәрімбетов көзі тірі болса 90 жасқа толар еді. "Ғалымның хаты өлмейді" демекші, артында мол ғылыми еңбегі мен өшпес ізі қалған тұлғаның аты ұмытылмақ емес. Еліміздің құрылыс индустриясында өзіндік қолтаңбасы бар қоғам қайраткері Беркімбай Пәрімбетовтің 90 жылдығына орай екі күндік "Қазазқстандағы ХХІ ғасыр құрылыс индустриясы: Жетістіктер мен болашағы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Шара аясында 4 ғылыми бөлімнің баяндамалары ұсынылды. Оған ғалымдар, жобалық құрылыс кешенінің мамандары, ЖОО оқтытушылары қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің құтттықтау хатын оқып берді. «Беркімбай Пәрімбетұлы – еліміздің дарынды ұлдарының бірі. Өте жас министр болды. Кезінде Қазақстан дамып келе жатқанда құрылыс саласының тұңғыш министрі болды. Бүгінде осы салада 130 мың адам жұмыс істейді. Қазақстанда құрылыс жақсы дамып келе жатыр. Міне, оның негізі сол кезде қаланды», – деді «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов. Шараға жиналғандар ғалымның көпке үлгі болатын тағдыры мен еңбектері жайлы сөз қозғады. Академик 36 жасында Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі лауазымына сайланған. Түрлі жылдары басшылық қызметтер атқарған. «Өкінішке қарай, әкеміз өмірден ерте кетті. Бар болғаны 67 жасында бақилық болды. Егер балалық шағымды еске алсам, әкеміздің бір демалғанын көрген емеспіз. Үйге келсе де қолынан газет түспейтін. Үнемі оқу оқып, күні-түні жұмыс істейтін. Бүгінгі конференцияға жастар да қатысып отыр. Олар бір ғана дүниені түсінсе деймін. Еңбек пен табандылықтың арқасында жетістікке жетуге болады. Сондықтан, оқудан қашанда талмау қажет», – деді Б. Пәрімбетовтың қызы Роза Пәрімбетова.