20 Қыркүйек, 15:21 419 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Әблязовтың сыбайластарына қандай жаза берілді?

 Мұхтар Әблязовтың өз еркімен оралған сыбайластарына сот қандай үкім кесті? Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтып берді. 
23 тамызда Алматы қаласының Медеу аудандық № 2 сотында Ресейден өз еркімен оралған Мұхтар Әблязовтың жеті сыбайласына айыптау үкімі шығарылды. Олардың үшеуі - Ресей азаматтары. Бұл Артур Трофимов (Австрияда босқын мәртебесіне ие), Максим Хаблов, Анар Абдихаимова, бірі - Украина азаматы Ержан Кадесов және үш қазақстандық Анатолий Погорелов, Валерий Налобин және Зәуре Жүнісова. Тергеу барысында олар Әблязовтың ақша ұрлау бойынша сызбаларын толық ашып айтып берген.

"Оларға 1500-ден 3000 АЕК-ге дейін (3 7875 00-ден 7 575 000 теңгеге дейін) айыппұл салынды. Біз Әблязовтың әрбір сыбайласымен жұмыс жүргіздік. Әрбір адамның рөлін білеміз, Әблязовтың оларды қаншалықты пайдаланғанын, сонымен бірге ешқандай материалдық сыйақы алмай, қандай рөл атқарғандарын білеміз. Қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, өз еркімен келген адамдар тергеуге жәрдемдеседі, кінәлі адамдарды әшкерелеуге көмектеседі, олар бас бостандығынан айырылмайды. Олар айыппұлға, шартты түрде жауапқа тартылды", - деп түсіндірді Сергей Перов.

Үкім заңды күшіне енді. Үкім шығару кезінде өз сот еркімен беріліп, кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінуінен басқа, барлық сотталғандардың қылмыс жасау барысында материалдық пайда алмағанын және тек қылмыстық қоғамдастық басшысы Мұхтар Әблязовтың нұсқауларын орындағанын ескерді.

Соңғы жаңалықтар