Алматыда «Gakku Дауысы» фестивалі алтыншы рет өтеді

Алматыда «Gakku Дауысы» фестивалі алтыншы рет өтеді

Алматыда «Gakku Дауысы» фестивалі алтыншы рет өтеді
ашық дереккөзі
14 қыркүйек күні жыл сайынғы «GAKKU ДАУЫСЫ» VI қазақстандық эстрада фестивалі «Астана» алаңында өтеді. Бұл туралы almaty.gov.kz хабарлады. «Gakku Дауысы» - бұл жыл сайынғы қазақстандық музыка фестивалі. «Gakku» телеарнасы ұйымдастыратын концерт ең танымал артистердің басын қосады, алдыңғы буынның жарық жұлдыздары мен сан алуан жанрдағы музыка өкілдері бір сахнада өнер көрсетеді. Фестивальдің басты мақсаты ұлттық контентті және жастар арасында отансүйгіштікті насихаттау. 2018 жылы бесінші мерейтойлық концертті тамашалауға 200 000-дай адам жиналды, ал «Gakku» телеарнасындағы және YouTube-тегі тікелей эфир арқылы концертті еліміздің түкіпр-түкпіріндегі әнсүйер қауым көріп, көзайым болды.