Түркістандағы алапат жарылыс неден болды?

Түркістандағы алапат жарылыс неден болды?

Түркістандағы алапат жарылыс неден болды?
ашық дереккөзі
"Түркістанда алапат жарылыс болды" деген видео мен суреттер желіде тарап кетті. Оқиға орнынан 10 қыркүйек күні кешкі уақытта куәгерлер жарылыс болып, артынша өрт шыққанын хабарлап, видео мен суреттер жолдаған. Кейінірек Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі аталған оқиға жайлы хабар таратты. Олардың мәліметінше, 19.00 шамасында Бекзат Саттарханов көшесінде орналасқан Royal Grand Hotel қонақүйінің территориясында газ баллондары тиелген ЗИЛ көлігі өртенген. Дәрігерлер Түркістанда жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан 11 адам зардап шеккен. 6 науқасқа алғашқы көмек көрсетілді және олар амбулаторлық емдеуге жіберілген. 2019 жылы 10 қыркүйекте Түркістан қалалық орталық ауруханасының травматология бөліміне 4 науқас түскен, алайда 11 қыркүйекте тағы бір адам түсті. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылғандар саны - 5 адам. Олардың жағдайы орта деңгейде.