11 Қыркүйек 2019, 12:48 536 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Болтон қызметінен кетті

Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтонды қызметінен босатты. Бұл туралы Ақ үй басшысы Твиттердегі парақшасына жазды.

«Кеше кешкісін мен Джон Болтонға Ақ үйде оның қызметі қажет емес екенін айттым. Мен әкімшіліктегі басқа адамдар секілді оның кеңесіне келіспедім, сол себептен оның қызметінен кетуін өтіндім. Ол маған арызын таңертең берді» - деп жазды Трамп.

Америкалық лидер ұлттық қауіпсіздік бойынша жаңа кеңесшісінің аты-жөні алдағы аптада жариялайтынын мәлімдеді. Әзірге Болтонды қызметтен алуына не себеп болғаны белгісіз.

Джон Болтон АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі қызметіне 2018 жылдың наурыз айында тағайындалған. Ол жақында Шығыс Еуропа елдеріне барып, Украина мен Беларусьтің президенттерімен кездескен. Сонымен бірге Польшаның Қауіпсіздік кеңесі төрағасымен жолыққан.

Соңғы жаңалықтар