«Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры болып Шыңғыс Нұрланов тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры болып Шыңғыс Нұрланов тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры болып Шыңғыс Нұрланов тағайындалды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның жұмысын жандандыру және кадрларды жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, партияның Саяси менеджмент академиясы Саяси менеджмент мектебі болып өзгертілді. Ал мектептің директоры болып «Болашақ» бағдарламасының түлегі Шыңғыс Нұрланов тағайындалды. «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия Төрағасы әлемнің жетекші оқу орындарында мемлекет есебінен білім алған қазақстандық жас мамандарды жұмысқа көбірек тартуды тапсырған болатын. Шыңғыс Нұрланов Вашингтон университетін «саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Назарбаев Университетінің «білім беру саласындағы көшбасшылық» мамандығы бойынша магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Ол әр жылдар Республикалық физика-математика мектебінің астаналық филиалының меңгерушісі, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің консультанты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық-сараптамалалық орталығында білім беру менеджментін зерттеу бойынша жетекші талдаушысы, «Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының сарапшысы, Халықаралық ынтымақтастық бойынша неміс қоғамдастығының (GIZ) кәсіптік білім бойынша ұлттық үйлестірушісі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы орталығында менеджер, оқытушы т.б. қызметтер атқарды. Саяси менеджмент мектебінің жаңа басшысына бірқатар нақты міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, партия мамандарын қоғамммен байланыстың практикалық дағдыларына, жанжалдарды шешу, медиация және т.б. оқыту арқылы дайындауды жетілдіру тапсырылды. Айта кетейік, бұған дейін «Aiqyn» газетінің бас редакторы болып, «Болашақ» бағдарламасының тағы бір түлегі Нұрмұхамед Байғара тағайындалды. Ол бұл тағайындауға дейін «Еgеmen Qazaqstan» газеті АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.