Қазақстанда қатерлі ісікті жарты сағатта емдейтін қондырғы іске қосылады

Қазақстанда қатерлі ісікті жарты сағатта емдейтін қондырғы іске қосылады

Қазақстанда қатерлі ісікті жарты сағатта емдейтін қондырғы іске қосылады
ашық дереккөзі
Елімізде  қатерлі ісік, ми тамырлары мен функционалды ауруларды емдеуге арналған "Гамма-пышақ"  қондырғысы іске қосылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды. ​"Елбасымыз Қазақстанның Еңбек ері мәртебелі атағымен марапаттаған, белгілі ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдадым. Қатерлі ісіктерді, ми тамырлары мен функционалды дерттерді емдеуге арналған "Гамма-пышақ" атты бірегей қондырғының жақында іске қосылатыны жөнінде мәлім етті", - деп жазды Тоқаев. Бұған дейін Ақшолақов "гамма-пышақ" туралы Қазақстан нейрохирургтері IV конгресінің кулуарында айтқан еді. "Алдағы он жылда алдымызға мүлде басқа міндеттер қойып отырмыз. Бұл заманауи технологияларды енгізу, соның ішінде Gamma Knife (гамма-пышақ) радиохирургиялық әдісімен ми ісіктері мен ми қан тамырлары ауруларын емдеу. Бұл науқастарды компьютерлік әдіспен сәулелендіру. Науқас 30-40 минут ішінде жазылып кетеді. 2019 жылы бұл әдісті енгізуді көздеп отырмыз", - деген болатын ол "Казахстанская правда" басылымына берген сұқбатында.