Түркия астанасы Анкарада Қазақстан күндері өтті

Түркия астанасы Анкарада Қазақстан күндері өтті

Түркия астанасы Анкарада Қазақстан күндері өтті
ашық дереккөзі
3 қыркүйекте Түркияның астанасы Анкара қаласының Этимесгут ауданы мэриясының, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Анадолу күндері» мәдениет және өнер фестивалі аясында «Қазақстан күндері» өтті. Биыл он алтыншы рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі іс-шараға Алматы қаласының «Алатау» фольклорлы-этнографиялық ансамблі және «Отау» түркі әлемінің ән мен би бірлестігі және алыс-жақын түркі тілдес мемлекеттер мен Түркияның барлық қалалары мен провинцияларынан шығармашылық топтар қатысты. Дәстүрлі өнер мерекесінде «Алатау» фольклорлық ансамблі көрермендер назарына «Қолбасшы», «Құлагер», «Қара жорға», «Ай сәулесі» және коптеген т.б. туындылар ұсынып, қазақ халқының  ұлттық өнерін жоғары деңгейде таныстыра білді. Анкара Қазақстандық өнерпаздардың шеберлігін түріктің 50 мыңға жуық көрермені тамашалап, 2 миллионнан астам көрермені бар «Бенгю Түрк» (Bengü Türk) телеарнасы тікелей эфирден көрсетті. Фестиваль барысында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі Айдос Қыдырма іс-шараның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылап отырғанын атап өтті. Анкара Сонымен бірге А.Қыдырма өнегелі өнер мерекесін ұйымдастырған Этимесгут ауданы мэрі Əнуар Демирельге, фестивальға «Алатау», «Отау»  ұжымдарының қатысуына мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа, қалалық мәдениет басқармасына және шығармашылық топтарға алғысын білдірді. Анкара Алматы қаласының «Алатау» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің шығармашылық делегациясын қалалық мәдениет басқармасының бас маманы Айгерім Сенбаева бастап келді. «Отау» бірлестігіне Эльмира Шендуран жетекшілік етті.