Бюжет қайта қаралады

Бюжет қайта қаралады

Бюжет қайта қаралады
ашық дереккөзі
Парламент келер аптадан бастап республикалық бюджетке өзгерістер енгізбек. Бұл туралы кеше өткен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мажлістегі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова хабарлады. Бюджетке өзгерістер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеген тапсырмаларына сай енгізілмек.Депутаттың айтуынша, еліміздегі барлық министрліктер мен квазимемлекеттік сектордың да шығыстары 4 млрд теңгеге дейін қысқартылады. Мәселен, Парламент 15,2 пайыз шығыстарын қысқартып үлгерді. Күні кеше Президент 2015 жыл бюджетінің шығындары біршама қысқартылатынын айтқан. Десе де, әлеуметтік бағдарламалар мен міндеттер толықтай орындалатынын айтты.«Президент айтқандай, Қазақстан экономикасында дағдарыс жоқ. Бүгін әлемде қалыптасқан экономикалық ахуал елімізге біршама әсер еткені рас. Сондықтан бюджеттің шығыс бөлігі оңтайландырылады. Елбасы республикалық бюджет шығыстарын 700 млрд теңгеге қысқарту туралы тапсырма берді. Келесі аптада бюджет жобасы Парламентте қаралады, сол кезде нақты шығыс көлемі белгілі болады»,-дейдіқаржы және бюджет комитетінің төрайымы. Ал Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашид Ахметов мұнай бағасы көтерілетін болса, сәйкесінше бюджет те қайта қаралатынын жеткізді. Мұнайдың құны ағымдағы не келер жылы қандай болатынын нақты ешкім айта алмайды. Дегенмен, мұнай бағасы көтеріліп, әлемдік экономикада өзгерістер байқалған кезде, республикалық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері қайта қаралатын болады»,- дейді Рашид Ахметов. Сөйтіп, мұнай бағасына байланысы осымен бір емес бірнеше рет өзгеріске түскен республикалық бюджет алдын ала жасалған болжамдарға сәйкес қайта қаралмақ.