«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды

«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды

«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды
ашық дереккөзі
Бүгін футболдан УЕФА Еуропа лигасы плей-офф сатысы аяқталды. Елордалық «Астана» топтық кезеңге  жолдама алды. Елордалық «Астана» сырт алаңда Беларусьтің БАТЭ командасымен кездесті. Бір апта бұрын елордада өткізілген ойында «Астана» 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Елордалық клубтан Ненад Эрич, Антонио Рукавина, Лука Шимунович, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон, Дорин Ротариу, Роман Муртазаев, Марин Томасов шықты. БАТЭ бапкерлері Антон Чичкан, Александар Филипович, Борис Копитович, Захар Волков, Алексей Риос, Евгений Яблонский, Станислав Драгун, Дмитрий Бага, Игорь Стасевич,  Антон Сарока, Максим Скавыш сынды жігіттерге сенім артты. Бүгін беларусьтік клуб  жылдам гол соғуға тырысты. Нəтижесінде 6 минутта БАТЭ ойыншысы Максим Скавыш гол соқты.  Бұдан кейін де алаң иелері қысымды арттыра түсті. Бұл сəтте қазақстандық жігіттер сыр берген жоқ. Ойынның екінші  кезеңінде алаң иелері алға ұмтылды. Десе де өз дегендеріне жете алмай жатты. Ал 85 минутта беларусь футболшысы Евгений Яблонский тағы бір гол соқты. Осылайша ойын одан әрі қыза түсті. БАТЭ 2:0 есебімен жеңіске жетсе де, астаналық клуб топтық кезеңге жолдама алды.