Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы мәселесінің негізгі себебі анықталды

Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы мәселесінің негізгі себебі анықталды

Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы мәселесінің негізгі себебі анықталды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысындағы сұйытылған газ өндіретін екі зауыт жөндеуден өтті. Сол аралықта облыс орталығында газ тапшылығы сезілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе облысының ішкі нарық сұранысын қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі тамыз айында 9 900 тонна сұйытылған газды бөлді. Бұл өңір үшін жеткілікті. Себебі тәулігіне 340 тонна газ қажет. «Тамыз айында екі өндіруші зауыт жоспарлы жөндеуден өтті. «Қазақ Ойл Ақтөбе» ЖШС 10 күнге (10-20 тамыз аралығында) және «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы 4 күнге «19-23 тамыз аралығында» тоқтады. Ал қазіргі уақытта облыста 7 газ желісі жұмыс істейді. Оның бесеуінде сақтау паркі бар. «АЗС Лидер» ЖШС 700 тонна, «Еламан» ЖШС 300 тонна, «АС Газ Логистик» ЖШС 320 тонна және Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы «Алға Бизнес Групп» ЖШС 320 тонна, «Private Ргоир» ЖШС 330 тонна газ сақтай алады. Ал «КС-А» ЖШС (Қостанай облысы) және «Алпамыс Атырау» ЖШС (Атырау облысы) Ақтөбе облысында сақтау паркі жоқ», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, сұйытылған газ облыстағы газ бекеттерінде талонға сатылды. Ал қазіргі кезде күн сайын 420 тонна сұйытылған газ облыс орталығына жеткізіліп жатыр. «Облыста 47 мыңға жуық көлік сұйытылған газбен жүреді. Өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға өскен. Ақтөбе қаласында газдың литрі 52-55 теңге, облыс аудандарында 55-57 тг. Газ жеткізу қазір күнделікті бақылауда тұр», - деп хабарлады баспасөз қызметі.