20 Тамыз, 10:28 259 0 Ішкі саясат Túrkіstan International Political Weekly

СҚО мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство 34 жастағы Құралбек Атамұратовқа сеніп тапсырылған.

Қ. Атамұратов 2001 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы орта мектепті бітірген, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде оқып, «қоғаммен байланыс» мамандығын алып шыққан.

2005-2009 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген.

2010-2012 жылдары «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

2013 - 2019 жылдары мәдениет және ақпарат саласына маманданған коммерциялық құрылымдарды басқарған. Алматы қаласындағы ауқымды мәдени шараларды ұйымдастырған, «Қазақстан» РТРК, «Хабар», «31-арна», «Алматы» телеарналарында теле-видеоөнімдерді шығаруға продюсер болған.

Қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстанның Автожолшылар қауымдастығының вице-президенті болды.

Айта кетейік, облыста мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымы ақпан айынан бері бос тұрған еді.

 

Соңғы жаңалықтар