15 Тамыз, 16:17 317 0 Білім Túrkistan Gazeti

СІМ-де білім беру саласындағы инвестициялық жобаны талқылады

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов «KinderWorld International Group» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Рики Тан Тек Ионгті қабылдады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сингапурлық компания Қазақстан аумағында халықаралық деңгейдегі түрлі білім беру мекемелерін салуды жоспарлап отыр. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ білім беру саласындағы алғашқы инвестициялық жобаға толық қолдау көрсетіп келеді.

Компания өкілдері «KinderWorld Kazakhstan» сингапурлық үздіксіз білім беру моделінің білім беру орталығын құру: балабақша – мектеп – колледж – университет» жобасын таныстырды. Компания Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық жобаның үш кезеңін іске асырылуын қарастырады.

«KinderWorld International Group» - халықаралық білім беру тобы. 1986 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызметі - үздіксіз білім беру жүйесін дамыту. 2000 жылдан бастап компания Вьетнам, Таиланд және Малайзияда мектептердің құрылысына инвестиция салды және қазіргі уақытта 21 білім беру орталығын басқарады.

Соңғы жаңалықтар