15 Тамыз, 13:56 322 0 Жаңалықтар Turkystan Support

7 айда 17 мың шағым

Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алулар веб-порталын қолдану ақылы жүйеге ауысқаны белгілі. Электронды шағымдану мүмкіндігі берілген соң арыздану көлемі артқан.

Бұл жайында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында кеңінен әңгімеледі. «Қазіргі уақытта барлық сатып алу процедураларынан 2% ғана заңбұзушылық табылған, ал бұрын әрбір үшінші сатып алудан қате табылатын. Сонымен бірге, веб-порталда мемлекеттік сатып алулар нәтижесі бойынша электронды шағым қалдыру мүмкіндігі енгізілді. Енді мемлекеттік сатып алуларға шағым түсіріп, оның барысын веб-портал арқылы бақылауға болады», – деді вице-министр.

Электронды шағым енгізгенше орта есеппен 2 мың шағым түссе. 2019 жылдың алғашқы 7 айында электронды жолмен 17 мың адам арызданған. Бүгінгі күнге дейін ықтимал жеткізушілерден 3,6 млрд теңге түскен.

«Мұндай өсім кәсіби «шағымдану­шы­лар­дың» пайда болуымен де байланысты. Олар үшін электронды шағымдану мемлекеттік сатып алуды үзіп, заңсыз пайда көру құралына айналды. Бұл мәселені шешу үшін Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға шағымдануды ақылы ету туралы өзгеріс енгізуді көтерді. Бұл тәжірибе Еуропа елдерінде, Армения мен Грузияда және Украинада кеңінен қолданылады. Сонымен бірге, Қаржы министрлігі шағымды қабылдаған жағдайда төленген қаражатты қайтаруды ұсынды. Керісінше, шағым негізсіз болса, қаражат бюджетке кетеді», – деп түсіндірді спикер.

 

Соңғы жаңалықтар