15 Тамыз, 15:15 339 0 Білгенге маржан "Түркістан" газетінің авторлары

Түркі дүниесіне ортақ мұралар жаңартылмақ

Түркістан қаласындағы басты 18 тарихи-мәдени мұра нысандары жаңартылмақ. Барлық түркі әле­міне ортақ тарихи ескерткіштеріміздің құрылыстарына жөндеу жұмыстары басталып кетті.

 Ең алдымен алдағы 3 жыл ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің басты компоненттері – Үлкен Ақсарай, Қазандық пен Құдықхана бөлмелері сол дә­у­ір­­дегі  ұлттық ерекшелігі сақта­ла отырып, толығымен қайта қалпына келтіріледі.

Қожа Ахмет Ясауи қабірханасы екі қабат күмбезбен көмкерілген. Қабірхана төбесін жа­уып тұр­ған ганчтан жасалған өр­некті әшекей төменгі күм­безді жа­сырып тұр. Сырттай Қабірхана төбесіне биік барабан үстінде тұрған сәнді 52 қатпарлы, диаметрі 10 метрлік күмбез орнатылған.

Үлкен Ақсарай – Қазандықпен, Кіші Ақсараймен дәліздер ар­қылы жалғасады. Дәлізде екін­ші қабатқа шығатын баспалдақ бар. Ақсарай кейіннен ХV-ХVІ ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнерінде алғаш рет пайдаланған аркалардың қиылысу конструкциясы ретінде қолданылған, сондықтан бөлме құрылысы өз заманындағы аса бағалы сәулет ескерткіші болып табылады.

Құдықхана – қазандық пен дәліз арқылы байланысты ғимараттың шығыс жағындағы, мұнараға көтерілетін баспалдағы бар бұл шаршы бөлме оңтүстіктегі шұғыл ойық есебінен созылыңқылау болып көрінеді. Құдықхананың аты осындағы құ­дықпен байланысты. Құдық құ­рылыс кезінде су алу үшін қазылған деген жорамал бар. Құдық айналдыра, дөңгелете кірпіштен қаланған. Диаметрі – 80 см. Аталған құдықтан су алып, Тайқазанды толтыратын болған.

 

Соңғы жаңалықтар