Алтынның бағасы қымбаттады

Алтынның бағасы қымбаттады

Алтынның бағасы қымбаттады
ашық дереккөзі
Аптаның басында COMEX тауар биржасында алтынның бір троя унциясы 1476 доллар болған. Ал қазір оның бағасы 1518 доллар.  Жалпы жыл басынан бергі өсім 14 проценттен асты. Шетелдік сарапшылар алтынның қымбаттауын активтерге деген сұраныстың артуымен байланыстырады. Бұл өз кезегінде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы салдарынан болуы мүмкін. Сонымен қатар әлемдегі жетекші орталық банктердің несие саясатын өзгертуі де алтын бағасына әсер етеді. Ал Ұлттық банк ақапаратына сәйкес, Қазақстанда алтынның бір граммы 18500 теңгеге саудалануда.