Халық үшін жасалған игі қадам

Халық үшін жасалған игі қадам

Халық үшін жасалған игі қадам
ашық дереккөзі
Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаң­ғы­ру» бағдарламалық мақала­сын­дағы маңызды шешім­нің бірі латын графикасына көшу жайында  болды.  Болашақта латын әліпби­ін­де жазатынымыз анық. Рухани  жаңғыру жобасы оңай біте салатын дүние емес. Халқымыздың қа­за­қы рухын қайта жаң­ғырту үшін бір ұрпақ­тың біраз уақыты кетері хақ. Егер бұл мәселе тіл төңірігенде болса абайлау керек. Себебі, халық қай тілде ойланса сол тілде жазады. Ал қай тілде жазса, сол елге қызмет етеді деген сөз. Өскелең ұрпақтың санасына қазақ тілінің өміршеңдігін, тамырының терең­дігін сіңіру керек. А.Байтұрсынов пен  Н.Төреқұловтың ізін жалғап, қазақ зиялы­ла­рының латын графикасына көшуді қолға алғаны қуантады. Себебі, неше жылдан бері кейінге шегеріліп келе жатқан мәселені қарастырып, ұлт болашағының өзгерісіне оң қадам жасады. Қазіргі таңда қазақ тілінің өзге шет тілдік сөздермен араласып кеткендігі жасырын емес. Құд­ды қазақ тілі емес, қазақстандық тіл сынды. Осы қатерден латын әліпбиіне көшу құтқарады. Себебі, латын графикасына негізделе отырып, техника тілінде де, жалпы жұртқа да түсінікті болатындай етіп қазақ тілінің жаңа емлесі жасалады. Латын графикасына көшу – саяси жағ­даймен еш қатысы жоқ. Бұл Елбасының ұлт болашағы үшін жасалған сауатты саясаты. Екі жыл бұрын күдікпен қараған бұл жағдай қазіргі таңда шешімін тауып жатыр. Атап айтсақ, жастар латын графикасына көшуді қос қолмен қолдап отыр. Себебі, жастар кез келген эволюциялық жаңалықтарға оң көзбен қарайды. Үш тілді саясатты көріп өскен балаға әлбетте латын таңсық дүние емес. Әрине, таяқтың екі ұшы болатыны секілді аталған мәселені де майшаммен қарау барысында олқылықтарға тап болға­ны­мыз рас. Алаш заманында екі жылдың ішінде 900 жылдан кейінгі араб графикасынан латынға ауысып кету рекорд деп есептеймін. Ал біздің уақытта латынға көшу 9 жылды талап етіп отыр. Бұл уақытша, шешімін табар дүние деп сенеміз. Мен өз кезегімде халқымның игілігі үшін жасалған әрбір шешімді қолдаймын. Ақбота ТҰРСЫНБЕКОВА Тілдерді дамыту басқармасы  тілдерді оқыту орталығының  оқытушысы