3 Тамыз, 10:58 331 0 Қоғам Turkystan Support

Мемлекет басшысы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері ода­ғының төрағасы Тұңғышбай Жаман­құл­овты қабылдады. Бұл жайында Ақор­да­ның ресми сайты мәлімдеді. Кездесуде қазақ өнері жайлы әңгіменің тиегі ағы­тылды. «Мемлекет басшысына Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстанның ұлттық теа­тр­ларының жай-күйі, кинематография саласының жағдайы туралы мәлімет берді», – делінген хабарламада.

Нақтылай айтсақ, өңірлердегі театр­лар­дың шығармашылық жағдайы, Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде­мия­сындағы жас мамандарды дайындау барысы және басқа да мәселелер көтерілді. Кездесуде Қазақстанның театр қайрат­кер­лері одағының мәртебесін арттыру жайы сөз болып, оған баса көңіл аударылды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино өнері еліміздің мәдени-рухани дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Сондықтан, осы салалардың дамуына ерекше көңіл бөліп, әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті» – деп жаз­ды Ақорданың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар