Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы жайында пікір білдірді

Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы жайында пікір білдірді

Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы жайында пікір білдірді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы бойынша бұғатталған қаржыны мемлекетке қайтаруды тапсырды. Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырсында бюджетті тиімді игеру бойынша ауқымды тапсырмалар бергенін еске салған Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы жайлы сөз қозғады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аstana LRT жоба құны тым жоғары екенін, өзін-өзі ақтайтыны күмәнді екенін айтты. Қазір Үкіметпен бірге құрылыс құнын оңтайландыру бойынша жұмыстар істеп жатырмыз. «Астана» банкінің LRT құрылысы бойынша бұғатталған барлық қаражаты мемлекетке қайтарылуы тиіс», - деген қала әкімі алдағы уақытта бюджеттік бағдарламалардың қайта жасалатынын жеткізді. «Имидждік жобалардан тартыну қажет болады. Президент бұл тұрғыда айқын мақсат қойды. Бюджеттік жобалар «Не үшін қажет» және «Әлеуметтік-экономикалық тиімділігі қандай» деген ең қарапайым екі сауалға жауап беру тиіс екенін атап өтті. Расымен де жобаны дайындағанда техникалық-экономикалық құжаттама мен жобалық сметасынан бұрын қандай әлеуметтік-экономикалық мәселені шешетініне бас ауырту қажет», - деді Алтай Көлгінов.