3 Шілде 2019, 12:50 564 0 Технологиялар Túrkistan Gazeti

Интернет-банкинг арқылы жасалатын қылмыс көбейген

Елорданың полиция департаменті интернет желісіндегі алаяқтардың көбейгенін хабарлады. 

«Қазіргі уақытта елордалық Полиция департаменті «интернет-банкинг» қызметі арқылы жасалған алаяқтық туралы 40-тан астам арызды қарауда. Аталған қызмет түрін барлық банк картасын ұстаушылар түгелдей дерлік пайдаланады, алайда олардың барлығы оның функциялары туралы біле бермейді. Алаяқтар интернет арқылы сіздің жеке кабинетіңізде авторизацияны бастаған кезде, оған қосылған абоненттік нөмірге бір реттік пароль жазылған СМС-хабарлама келеді. Әдетте ол 5-6 саннан тұрады. Аталған парольдің көмегімен алаяқтар сіздің шотыңызға толық қолжетімділік алады және шоттағы ақша қаражатын еркі бойынша жұмсайды», - делінген полиция хабарламасында.

Департаменттің хабарлауынша, қаскөйлер парольді алу үшін әртүрлі себептерді пайдаланады, көбінесе хабарландырулар бойынша хабарласады және жылжымайтын мүлікті немесе басқа да тауарды алуға дайын екенін айтады.

«Сөйлесу барысында алаяқтар кепілақша беру үшін банк картасының фотосуретін жіберуді сұрайды. Бұдан әрі олар жоғарыда көрсетілген сызба бойынша әрекет етеді. Қаскөйлердің әрекетінен келтірілген материалдық шығын 50 000 бастап 15 000 000 теңгеге дейін құрайды» , - дейді полиция қызметі.

Соңғы жаңалықтар