1 Шілде, 12:37 323 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

ҰБТ: 90 мың телефон тәркіленді

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде оқушылардан 90 мыңнан аса телефон мен 28 мың калькулятор табылып, уақытша тәркіленген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметін атқарушы Дидар Смағұлов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"ҰБТ кезінде 90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка тәркіленді. Құрметті ата-аналар мен мұғалімдер, жүйені алдау қабілеттілігі үшін емес, балаларды адал бәсекелестік пен білім көрсеткішін таза көрсететіндей деңгейде дайындау керек. Бұл жақсылыққа апармайды", - деп жазды Дидар Смағұлов. Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 20-30 маусым аралығында өтті. Биыл 117 242 адам ҰБТ тапсырды.

Соңғы жаңалықтар