Ғибратты әңгіме

Ғибратты әңгіме

Ғибратты әңгіме
ашық дереккөзі
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран құс өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаты қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда  бүркіт  үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатқан ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп бағып қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар? Біріншісі айтыпты: - Анашым, сенің ақ сүтінді ақтау үшін қолымнан келгенін барлығын жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма арқалап, алып жүремін. Дүниенің төрт бұрышын аралатам, таңғажайып тамашаларады көретін боласың,- депті. Сонда бүркіт басын шайқап уысындағы балапаның теңізге тастап жіберіпті. Сосын екіншісіне бұрылып: ­– Ал сен не айтасың? Екіншісі айтыпты: – Анашым, мен сені ел аралатып босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметін алдына әкеліп беремін. Ішкенің алдында, ішпегенің артында болады,- депті. Бүркіт тағыда басын шайқап, екінші балапанын су тұнғиығына тастап жібереді. Үшінші балапанына бұрылып, жарқыншақ толы дауыспен былай депті: –Ал,сен қалай жарылқамақсың? Сонда үшінші балапан былай үн қатыпты: –Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылығынның шеті де, шегі де жоқ екенін, оны өтеуге бүкіл ғұмырымды арнасамда жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, саң түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де, арналмайтынын айтқым келеді. Мен сенің маған жасаған жақсылықтарынды өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын. Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: – Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,-деген екен. Жарас Нұрболұлы