Футбол спорты жайлы ең қызықты ақпараттар

Футбол спорты жайлы ең қызықты ақпараттар

Футбол спорты жайлы ең қызықты ақпараттар
ашық дереккөзі
Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрі. Футболдық клубтардың табысы кейбір елдердің бюджеттерімен бәсекелесе алады, ал үздік футболшылардың атағы саясаткерлер мен теледидар жұлдыздарының даңқынан асып түседі. Сіздерге арнап, футбол ойыны туралы ең қызықты фактілер жинадық. Әлемдегі барлық футбол доптарының 80%-ы Пәкістанда жасалады. «Ole-Ole-Ole» сөзі Испанияда пайда болды. Бұл сөз 8-ші ғасырда Испанияны басып алған арабтардың «Алла» сөзінен шыққан. Ең ұзақ матч 1981 жылғы 1-3 тамызда екі ирландиялық футбол командалары арасында өтті. Жеңімпаз 65 сағат 1 минуттан кейін ғана анықталды. 1969 жылы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі ойында, Гондурас ұлттық командасының Сальвадордың футболшыларынан жеңіліске ұшырауы, осы елдер арасындағы алты күндік соғысқа тікелей себеп болды. Ботсвананың ұлттық құрамасы жиырма сегіз жыл бойы халықаралық ойындардың біреуінде де жеңе алмады. Команда елуден астам бас жаттықтырушыны ауыстырып үлгерді. Әлемде футболға деген қызығушылық үлкен. 2002 жылы әлем чемпионатында Бразилия мен Бельгия командалары арасындағы ойын кезінде, Индонезияның Суматра аралында орналасқан түрмедегі күзетшілердің ойынға кіріп кеткені соншалық, олар 48 тұтқынның қалай қашып кеткенін байқамай қалған. Испанияның 2-ші Лигасында қызықты оқиға орын алды. Ойын аяқталуға 3 минут қалғанда ойыншылар төрешіні қоршап алып, наразылығын көрсете бастады. Төреші көп ойланбастан, қызыл қағазды барлық 22 футболшыға көрсетті! Футбол ойнауға 6 елде ресми түрде тыйым салынған, оның ішінде Ауғанстан, Кампучия және Гренландия да бар. Бразилиялық ойыншы Пинеиро өз командасына гол соғудан рекордсмен. Ол бір маусымда 10 гол соққан. Тарихтағы ең ірі есеп, Мадагаскар чемпионатында тіркелді. «AS Adema» клубы, «Stade Olympique l’Emyrne» командасын 149:0 есебімен жеңді. Барлық голдарды қақпаға өз ойыншылары соқты. Бұл әрекетімен футболшылар, төрешінің әділетсіз шешіміне наразылығын көрсеткісі келді. 11 метрлік айып добын 1891 жылы ирландиялық футболшы Джон Пенальти ұсынған деген тұжырым болған. Шын мәнінде мұндай адам өмір сүрмеген, ал пенальти туралы ұсынысты Уильям Маккрам жасады. Англия Премьер-Лигасындағы ең кәрі футболшы Джон Барридж болды. Футболмен 1955 жылы 43 жасында қош айтысты. Футбол тарихындағы ең атақты гол – «Құдайдың қолы» деп аталады. Оны 1986 жылы қолымен Диего Марадаона соқты. Итальяндық футболшы Фернандо Д’Эрколи, арбитр көрсеткен қызыл қағазды жеп қойған.

  Жарас Нұрболұлы