Балаларға қуаныш сыйлаған күн 

Балаларға қуаныш сыйлаған күн 

Балаларға қуаныш сыйлаған күн 
ашық дереккөзі

 1 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникада ем алып жатқан балаларға арналған «Армансыз күнім болмайды» атты мерекелік шара өтті.

         Шараның ұйымдастырушылары - «Help Today» қоғамдық қоры мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.

      width=    Шараның басты мақсаты – ауыр дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлау, аты жаман ауруды жеңуге деген сенім ұялату, көңілдерін көтеру арқылы бір сәтке ауруын ұмыттыру,  психологиялық қолдау көрсету.

         Шараның ашылуында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Риза Боранбаева мен «Help Today» қоғамдық қорының жетекшісі Эльмира Алиева балаларға жылы тілектерін айтып, барша қауымды Балалар күнімен құттықтады.

    width=      Мерекелік концертке Парвиз Назаров, Айдана Меденова, «Талисман» тобы, «Tribal Pro» би тобы, Райм мен Артур және т.б. эстрада жұлдыздары қатысып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өнер жұлдыздарымен бірге орталықта ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналары өнер көрсетті. Сонымен қатар дәрігерлер де қалыс қалмай, флеш-моб ұйымдастырып, арнайы биін балаларға тарту етті. Шара барысында орталықта ем алған,  ауыр дертті бір емес, екі рет  жеңген, ұзақ және қиын жолдан өткен Алин Абдулам сөз сөйлеп, аурумен қалай күрескендігі жөнінде айтып, балаларға жақсылыққа деген сенім тіледі.

        width=   Шара аясында балалардың сурет және қолөнер көрмесі өтті.  Балалар үшін  аквагрим мен фотосессиялар ұйымдастырылды. «We Art» ұйымының еріктілері мен аниматорлары бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, балалармен бірлесе түрлі ойындар ойнады.

         Мереке соңында шараға қатысқан балалар мен Сурет байқауының жеңімпаздары «Help Today» қоғамдық қорының сыйлықтарымен және арнайы дипомдарымен  марапатталды.

         Айтулы мерекемен сонымен қатар «Бауыржан» қайырымдылық қоры құттықтап, кардиология, онкология және гематология  бөлімінде жатқан барша балаға түрлі сыйлықтар үлестіріп, науқас балалардың жүздеріне қуаныш сыйлады.