ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ ТҮРКІСТАННЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН ТАНЫТПАҚ

ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ ТҮРКІСТАННЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН ТАНЫТПАҚ

ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ ТҮРКІСТАННЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН ТАНЫТПАҚ
ашық дереккөзі
Түркістан –көптеген елдер үшін Қазақстандағы ең танымал қала. Қазақ мемлекеті тарихында үлкен орны бар ескі шаһар өткен жылы Түркістан облысының орталығына айналғалы бері замануи қарқынды дамудың жолына түсті. Әлемге әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі орналасқан қалаға алыс, жақын шетелден туристер көп келеді. Осыған орай, Түркістан қаласында туристік полициясы құрылды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшылығы. Бүгінде Түркістан облыстық полиция департаменті құрамына кіретін туристік полицияда он полиция қызметкері жұмыс істейді. Оның бесеуі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде, бесеуі Арыстанбап кесенесі аумағында қызмет етеді. Аталған полиция қызметкерлері кәсіби қызметі бойынша біліктілігінен бөлек, отан тарихын жақсы біледі және бірнеше шеттілін игерген.

Ахмет ӨМІРЗАҚ