Қорғанысқа арналған миллиондар мен миллиардтар

Қорғанысқа арналған миллиондар мен миллиардтар

Қорғанысқа арналған миллиондар мен миллиардтар
ашық дереккөзі
Жыл басында Стокгольм Бейбітшілік зерттеу институтының (SIPRI) «Әлемде әскери шығындағы беталыс 2018» тақырыпты рапорты жарияланған еді. Бақсақ әлем елдері тыныштық пен бейбітшілік үшін шаш етектен қаржы жұмсаған. Жаһандық әскери шығындар 2018 жылы 1,8 триллион долларға жетіпті. Қорғаныс бюджеті ең көп елдер көшін Америка Құрама Штаттары, Қытай, Сауд Арабиясы, Үндістан және Франция бастайды. Институттың рапортына сүйенсек, қорғаныс бюджеті оның алдындағы жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға артқан, АҚШ өткен жылы 649 миллиард доллар жұмсаған. Қытай АҚШ-тан кейін 250 миллиард долларлық қорғаныс бюджетімен екінші орынды иеледі. Сауд Арабиясы әскери шығынын 6,5 пайыз, Франция 1,4 пайыз және Ресей 3,5 пайыз азайтты. Есесіне Түркия билігінің соңғы 10 жылда қорғанысқа бөлген бюджеті 65 пайызға артқаны байқалады. Түркия әскеріне 2017 жылмен салыстырғанда 24 пайыз көп, яғни 19 миллиард доллар қаржы бөлген. Қазақстан қаржы бөлу тұрғысынан аянып қалмаған. Қорғаныс министрлігіне өткен жылы 2,43 миллиард доллар қаржы қарастырылған. Көршілес Өзбекстан 70, Түркменстан 200, Қырғызстан 240 миллион доллар жұмсаған. Ал Ресей өткен жылы қорғаныс саласына 44 миллиард доллар ақша бөлген. Көп қаржы бөлген мемлекеттер сапында үшінші тұрған Сауд Арабиясы 70, онан кейінгі Үндістан 55, Франция 40,5 миллиард долларды тыныштық пен шекараны қорғау үшін сарп етіпті.