25 Сәуір 2019, 16:49 1267 0 Қауіпсіздік Ахмет ӨМІРЗАҚ

Сарыағаш – Венеция! Тынбай жауған жаңбыр базар ішін көлге айналдырды

Биылғы жылдың көктемі еліміздің оңтүстік шекарасындағы Сарыағаш қаласына жайсыз тиіп жатыр. Соңғы аптадағы тынбай жауған нөсер жаңбырдың суы жерге сіңбей, ойлау жердің бәрін көлге айналдырды.

Мәселен Сарыағаш қаласы іргесіндегі Құркелес ауылдық округі аймағындағы «Жібек жолы» базары суға толды. Базардың суға толып, көл болып жатқанына көп жауған жаңбыр кінәлі ме әлде базар басшылығы онда су ағып кететін арық салмаған ба, әзірге нақты бірдеңе деу қиын. Бірақ онда сауда жасайтындар тап болған қолайсыздық – жұртқа жаман әсер етіп жатқаны анық.

Сол жердің тұрғындары түсірген бейнежазба да базар ішінің көлкіп кеткені анық көрінеді...

;feature=youtu.be

Соңғы жаңалықтар