Өз кәсібінің хас шебері

Өз кәсібінің хас шебері

Өз кәсібінің хас шебері
ашық дереккөзі
Өз кәсібінің хас шеберлері жөнінде жиі естиміз. Солардың бірі Құрлық әскерлерінің Әскери институтында жасақтау және жұмылдыру бөлімінің жұмылдыру бөлімшесінің бастығы майор Айдар Мұқайұлын  осындай өз ісінің шебері деп айтуға болады. Майор Мұқайұлы жүрген жерінде ұжымның ұйтқысы бола біліп, алдына қойған мақсатына жетуді принципке айналдырған тұлға. Институт басшылығы мен әріптестері  Айдар жайлы тек мақтау-мадақтау  сөздер айтады.  Өйткені, майор Мұқайұлының сөз саптасы, адаммен пікір алысы, қай тақырыпта болмасын бірден танылар ой тереңдігі,  білім көкжиегінің кеңдігі, байсалдығымен ерекшеленеді. Осы адами қасиеттерімен де ол достары мен әріптестер арасында әрқашанда сыйлы тұлға. Майор Айдар Мұқайұлы Жетісудың жанаты Алматы облысы Кеген ауданы Кеген аулында өмірге келген.  №2 Кеген орта мектебін 2002 жылы  үздік бағамен бітіріп, Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына оқуға түсті. Әскери институтыттың курсанты аталғанда Айдардың қуанышы қойнына сыймай, қатты толқыды. Офицер болуды балдырған шағынан армандаған еді-ол. Әскерилер жайлы әңгімелерді кішкентайынан сүйіп тыңдайтын, танкист болсам деп армандайтын. Құрлық әскерлерінің Әскери институтында  Айдар алғырлардың шебінде болды. Жасынан зерек өскен курсант Мұқайұлы әскери институтта да  өзінің білім көкжиегінің жоғары екенін  көпшілікке көрсете білді. Оқыған барлық пәндер бойынша тек үздік бағалар алды. Айдар институт қабырғасындағы 4 жылда ең мақтаулы курсанттардың шебінде болды. Ол ұдайы ізденіп жүретін. Осының нәтижесі ол аталмыш оқу орнын үздік аяқтап, лейтенант шенін алып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына  әскери қызметін атқару аттанады. Танк взводының командирі, танк ротасының командирі лауазымдарын абыроймен атқарып. 2008 жылы өзі ұшқан ұяға қайта оралады. Құрлық әскерлерінің Әскери  институтының оқу үдерісін қамтасыз ету батальонының оқу жаттығу танк ротасының командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Осы күннен бастап еңбекқор Айдар Мұқайұлы бойындағы кәсіби білімі мен тәжірбиесін болашақ  офицерлерге үйрете бастады. Майор Мұқайұлы әрдайым әр істі әділ шешіп, намыс пен жігерін қамшылай білген, білім мен білігінің арқасында әрқашан алдыңғы шепте жүретін офицерлер қатарында. Алдына қойған мақсатынан таймай, өздегеніне жете біледі. - Елді қорғау-абыройлы міндет. Сол абыройлы міндетті адал атқару сайдың тасындай сапқа тұрған әрбір әскери қызметшінің парызы. Әскери қызмет әрбір азаматты әскери-патриоттық рухқа, Отан алдында борышын өтеу сезімін қалыптастыруға, өмірлік қиыншылықтардан мүдірмей өтуге тәрбиелейді. Мен өз мамандығымды шексіз сүйемін, бұл әрбір адамның маңдайына жазыла бермейтін бақыт, дейді майор Айдар Мұқайұлы.    Аида Бектурова, Құрлық әскерлерінің Әскери институтының баспасөз қызметі,  сурет автордікі