Қазақстанның бірнеше өңірінде өзен суының деңгейі көтеріледі

Қазақстанның бірнеше өңірінде өзен суының деңгейі көтеріледі

Қазақстанның бірнеше өңірінде өзен суының деңгейі көтеріледі
ашық дереккөзі
Республиканың екі облысына ескерту берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 10-13 наурызда күндіз және түнде ауа райының жылынуына байланысты және жауын-шашынның түсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында қарлар мен мұз жамылғысы еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. 10-13 наурызда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қарлар мен мұз жамылғысы еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал.