Атырау облысының әкімі мемлекеттік қызметтегі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Атырау облысының әкімі мемлекеттік қызметтегі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Атырау облысының әкімі мемлекеттік қызметтегі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
ашық дереккөзі
Мерекелік дастарxанға 300-ге жуық нәзік жандылар қатысты, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Шарада сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барша қыз- келіншектерге алғысын айтты.  width=   «Баршаңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып,аспанымыздың ашықтығын, еліміздің тыныштығын, қоғамымыздың дамуын , ілгерілей беруін өз отбасларыңыздағы жылулық сарқылмауын тілеп, мереке құтты болсын дегім келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты-бұл жалпы қоғамның дамуына және де мемлекеттің өзіне алған әлеуметтік міндеттемелерді бұл азаматтардың қорғауына, соның ішінде ана мен балаға жағдай жасау. Жақында болған Нұр Отан партиясының 18 сьездінде біздерге атқарушы билік өкілдеріне, мекеме басшыларына ана мен балаға, көпбалалы аналарға жағдай жасау жөнінде тапсырма берді. Тапсырмасын нақты шаралармен шегелеп қойды. Қажетті қаражат бөлінеді. Қазіргі таңда үкімет іс-шаралар жоспарын жасақтап жатыр. Мен өз атымнан осы отырған қыз-келіншектерге, апаларымызға өз ризашылығымды айтқым келеді. Бүгінге дейін ұрпақтар сабақтастығы деген ұғымды берік ұстанып келе жатырсыздар. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін»,- деп тілегін білдірді.  width= Мерекелік шарада облыс дамуына өз үлесін қосқан 20- дан аса қызметкер облыс әкімінің алғыс xатымен марапатталды. Алтын алқа және күміс алқа иелері марапатталды. 3 анаға Алтын алқа, 4 анаға күміс Алқа төсбелгісі табысталды. Шара өнер жұлдыздарының мерекелік концертімен жалғасын тапты.